
2023 жылдың 8 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ 45 жылдығына арналған «ТжКББ ұйымының жұмысындағы педагогикалық дәстүрлер мен инновациялар» атты облыстық педагогикалық оқу өтті.
Педагогикалық оқудың мақсаты – әдістемелік тақырыпты іске асыру шеңберінде колледж педагог қызметкерлерінің жұмыс тәжірибесімен алмасу.
Пленарлық және секциялық бөлімдерден тұрған іс-шараға облыстағы 17 колледжден 60-қа жуық инженерлік-педагогикалық қызметкерлер қатысты.
Пленарлық отырыста ШҚО кәсіптік білім беру орталығының директорының м.а. Кездикбаева Лазат Токтарбековна алғы сөз сөйлеп, колледжді 45 жылдық мерейтойымен құттықтай келе, колледждің оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудегі ұжымның белсенді жұмысын атап өтті.
Облыстық педагогикалық оқудың пленарлық отырысында ШҚО ПШО филиалының басшысы Раисова Кульфарида Бабагумаровнаның және Өскемен көпсалалы технология колледжі директорының орынбасарлары Алтайбекова Назым Алтайбековнаның , Конурбаева Раушан Кусмановнаның баяндамалары тыңдалды.
Секциялардағы жұмыс 4 бағыт бойынша жүргізілді.
Секциялар жұмысы барысында оқытушылар колледждерде қолданылып жүрген дәстүрлі және инновациялық әдістер мен технологиялар туралы айта отырып, тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара соңында үздік баяндамалар авторлары анықталып, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.