
2023 жылдың 8 желтоқсанында Риддер қаласында «Ашық жүрек» облыстық волонтерлер слеті өтті. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының волонтерлері қатысты.
Слеттің ұйымдастырушылары ШҚО білім басқармасы және «Риддер колледжі» КМҚК. Риддер колледжі базасында волонтерлер үшін «Ерекше» адамдармен өзара қарым-қатынас ерекшеліктері», «Қазіргі жасөспірімдерге арналған білім беру волонтерлігі, Репродуктивті денсаулық. Көшбасшылық» «Birgemiz: Qamqor» атты үш тренинг алаңы ұйымдастырылды.
Слет жұмысы барысында «Ашық жүрек» клубтарының» жетекшілері үшін «Шығыс Қазақстан облысында волонтерлікті дамыту: мәселелері, мүмкіндіктері, ынтымақтастығы» тақырыбында диалог алаңы өтті.
«Ашық жүрек» облыстық волонтерлер слеті аясында келесі номинациялар бойынша: «Үздік волонтер», «Волонтерлердің үздік жобасы (бағыттар бойынша)», «Үздік клуб жетекшісі» байқаулары өткізілді.
Слеттің байқау жұмыстарын құзіретті қазылар алқасы бағалады:
С.Ю. Чупина - «Ерекше балалар ата-аналарының одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының және «ТвоиМоиНаши» қоғамдық бірлестігінің басшысы, М.Н. Сачук – «Риддер қаласының халықтар достық үйі» КМҚК директоры, Е.М. Конюхова - «Риддер қ. Жастар ресурстық орталығы» директорының м.а..
Келесі номинациялар бойынша байқаудың қорытындылары шығарылды:
«Үздік волонтер» номинациясына:
«Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжі» КММ – Т. Кимасова, 3 курс студенті;
«Еріктілердің ең үздік жобасы» (бағыттар бойынша) номинациясына:
Мемлекеттік емес мекемесі.
«Волонтерлік қозғалысының үздік жетекшісі» номинациясына:
«Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі» КМҚК – жетекшісі Н.А. Ахметов.
Ең үздік волонтерлер клубтары: «Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі» КМҚК, «Риддер колледжі» КМҚК болып танылды, «Глубокое аграрлық колледжі» КММ.
Слетке 200 волонтер және клуб жетекшілер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша колледждердің волонтерлік клубтары білім басқармасының грамотасымен және алғыс хаттарымен марапатталды.