
2020 жылдың 3-4 маусымында Шығыс Қазақстанның барлық орта білім беру ұйымдарында 11 сынып үшін қорытынды бітіру іс-шаралары өтеді.
Мектеп бітіру шарасының мақсаты - мектеп дәстүрлерін насихаттау және сақтау, патриотизмге тәрбиелеу, білім және білім берудің құндылығын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары болуға, жастар арасында жоғары әлеуметтік белсенділік пен бәсекеге қабілеттіліктің дамуына ықпал ету.
Мектеп бітіру шарасының ұйымдастырушысы: мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңесі, сынып жетекшілер.
Қатысушылар: ағымдағы жылдың 11 сынып түлектері және еріп жүрушілер (2 ата-анадан артық емес).
Облыстың барлық білім беру ұйымдарында бітіру іс-шаралары «Вirgemiz: ТҮЛЕК 2020» тұжырымдамасына сәйкес әр сыныпта жеке өткізіледі және бітірушілерге аттестаттар беріледі, санитарлық-гигиеналық шектеулер мен бітіру іс-шарасын өткізудің ұсынылатын регламентін қамтамасыз етеді.