Жетістік кепілі - кәсіби шығармашылық

Жетістік кепілі - кәсіби шығармашылық

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№17 мектеп-гимназиясы» КММ-нің оқытушысы Исраилов Руслан Джабрайлович туралы.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент - мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен білім беру мекемесінің «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ директоры Наталья Васильевна Ахаеваның пікірі.

Исраилов Руслан Джабраилович - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «М. Әуезов атындағы №17 орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, п.ғ.д, педагог - сарапшы, аға тәлімгері.

Руслан Джабрайлович Исраилов сауатты да жауапты ұстаз, өз ісінің кәсіби маманы белсенді ұйымдастырушы. Исраилов Руслан Джабраилович педагогикалық қызметінің негізгі бағыттарының бірі – білім деңгейін үнемі жетілдіріп отыру, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жаңа әдістерді қолданды. Руслан Джабраилович кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отырады. Оқу-тәрбие процесінің мақсаты мен мазмұнына қарай сан алуан әдіс-тәсілдерді шебер қолданады. Оқу-тәрбие үрдісінде белсендіру Р. Д. Исраилов дәстүрлі сабақтармен қатар бейне сабақтарды, рөлдік ойындарды, ертегі сабақтарын пайдаланады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында компьютерлік технология әдістері тиімді пайдаланады. Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді. Оның сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстары қолжетімділігімен және баяндау логикасымен, өмірмен байланысымен ерекшеленеді.

Руслан Джабраилович дене шынықтыру пәніне қызығушылық танытатын оқушылармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөледі. Дарынды балалармен жеке жұмыс әртүрлі формада болады: сыныптағы қосымша әрекеттерді шешудің әртүрлі нұсқаларын іздеуде ынталандырады. Пәнге қызығушылығын арттырудағы жұмыстарының нәтижесіне түлектерінің жыл сайын Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің жетекші жоғары оқу орындарына грантқа түсулері дәлелдеді.

Р. Д Исраилов мектеп оқушыларымен ауқымды тәрбие жұмысын жүргізеді. Оның жетекшілігімен оқушылар түрлі қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Шәкірттері бұлақтарды тазарту, ағаш отырғызу сияқты табиғатты қорғау шараларына да қатысып, волонтерлік жұмыстарға да белсене араласады.

Руслан Джабраилович өзінің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін үнемі жұмыс жасайды. 2017 жылы Мәскеу қаласында ғылыми тағылымдамадан өте жақсы бағамен өтті. «Актуальные проблемы физического воспитания республики Казахстан» атты ІІІ Халықаралық (жеке) ғылыми-тәжірибелік конференцияға «Педагогические условия формирования физической активности старшеклассников на примере школ Казахстана» тақырыбында диссертациялық жұмысымен қатысты. 2018 жылдан бастап дене шынықтыру пәнінен республикалық, қашықтық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарын дайындады. 2019-2020 оқу жылында Р. Д .Исраилов «Үздік жас педагог» номинациясы бойынша Өскемен қаласы әкімінің Гран-приімен марапатталды, 2019 жылы «Дарынды балаларға талантты ұстаз» облыстық байқауының жеңімпазы, «Жас педагог-2019» облыстық байқауында 1 орын, үздік тәлімгері 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша Өскемен қаласы білім бөлімінің грамотасымен марапатталды. Дене шынықтыру пәнінен республикалық қашықтық пәндік олимпиадалардың жүлдегері және жеңімпазы, Республикалық тәрбие жұмысы секциясында онлайн мастер - класс өткізді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесшісі Р. П .Шердің алғыс хатымен марапатталды. Астана қаласының 20 жылдығына арналған сыныптан тыс іс-шаралар облыстық Өлкетану байқауында 1 орын алғаны үшін грамота алды. Қалалық, облыстық мектеп басшыларының жаттықтырушысы Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында мұғалімдердің облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында шеберлік сабағын өткізгені үшін сертификат пен алғыс хатқа ие болды.

Қазақстан Республикасының жас мұғалімдері арасында өткен Республикалық «Қазақстанның Құрметті азаматы-2021» байқауының жеңімпазы, сонымен қатар «Үздік педагог-2022» педагогикалық олимпиадасының және «Жастар саясаты – ел болашағының жарқын  кепілі-2022» республикалық байқауының жеңімпазы. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен облыстық деңгейде жұмыс тәжірибесін көрсеткен үшін алғыс хат алған республикалық байқауының Гран-при жүлдегері ХІ Спартакиадаға белсенді қатысқаны үшін облыстық кәсіподақ комитетінің алғыс хатын иеленді. Руслан Джабраилович «Үздік тәлімгер 2022», «Парасатты ұстаз-2022» республикалық байқауының жеңімпазы. «Қазақстан мен Ресейдің тұрақты дамуы және жоғары технологиялары» бизнес-форумына қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.

2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындағаны үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының алғыс хатымен марапатталды. Тәжірибесін таратқаны үшін Астана қаласындағы «Тұран» университетінің және Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы филиалының алғыс хатымен марапатталды. «Модернизация общественного сознания» атты ресейлік ғылыми-тәжірибелік конференцияда ұсынылған жемісті ынтымақтастық және жұмыс тәжірибесі үшін марапатталды.

Р. Д. Исраилов Өскемен қаласы әкімі жанындағы қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі. «Өрлеу» БАҰО төрағасының Астана қаласы білім беру қызметкерлерінің Республикалық «Көшбасшылар – 2022 тамыз форумы аясындағы «Поддержка педагогов в начале профессиональной карьеры» панельдік секциясына белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды, қайырымдылық және волонтерлік іс-шараларға белсенді қатысты. «Дарынды балаларға талантты ұстаз-2022» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде байқау комиссиясының мүшесі ретінде жоғары кәсібилігі үшін алғыс хатпен марапатталды. 2023 жылдан Өскемен қалалық мәслихатының депутаты. Елбасының алғыс хаты 2022, РУМЦДО 2023 республикалық курстарының оқытушысы, ҚАЕУ ректорының алғыс хаты 2023, «Аманат» партиясы облыстық филиалы төрағасының алғыс хаты 2023. Өскемен қаласындағы мектептер арасындағы ұйымдастырушы педагогтер тобының мүшесі, қала әкімі жанындағы Өскемен қаласының үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылады. 2022 жылдан бастап облыс әкімі жанындағы Шығыс Қазақстан облысы жастар ісі комитетінің құрамына енді. Жетекші халықаралық баспа және электронды басылымдарда ғылыми жарияланымдары бар, республикалық және халықаралық «Үздік педагог» байқауларының жеңімпазы, шеберлік сыныптары, семинарлар, ашық сабақтар өткізеді, өз тәжірибесімен әріптестерімен бөліседі.

Руслан Джабраилович Исраилов жоғары кәсіпқойлық, жан-жақты білім, ұқыптылық пен адалдық қасиеттерімен әріптестер және ата-аналар арасында құрметті, беделді ұстаз болып табылады.