
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2020 жылдың 29 мамырында ҚР ДСМ ККБТУ комитетінің ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті, ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы, электрондық қызмет көрсету орталығы мамандарының қатысуымен «2020 жылы жазғы демалыс ерекшеліктері» атты вебинар өткізеді.
Вебинардың мақсаты - аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, сауықтыру лагерлерінің директорларына, жазғы сауықтыру лагерлерінің аға тәлімгерлеріне ақпараттық, ұйымдастыру-әдістемелік қолдау көрсету;
жазғы демалыс бағдарламасын іске асыру кезінде балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Өтетін күні мен уақыты: 2020 жылғы 29 мамыр, сағат 11.00-де.
Өту форматы: онлайн-вебинар.
Өту орны: Абай даңғ., 21 (5 қабат, мәжіліс залы).