
2020 жылғы 25 мамырда барлық интернатты мекемелерде онлайн режимінде сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаты барысында тәрбиешілер мен сынып жетекшілері оқушыларды 2019-2020 оқу жылының аяқталуымен құттықтап, қашықтан оқыту барысындағы тәртіптіліктері үшін алғыс білдірді. Балалардың білім алуына атсалысқан ата-аналарға ерекше алғыс білдіріп, мықты денсаулық пен жақсы демалыс тіледі.
Сонымен қатар балалардың жазғы уақытта суқоймалар мен табиғат аясындағы қауіпсіздік шаралары туралы ұсыныстар берілді.
Мектеп бітірушілерге аттестат табыстау 2020 жылғы 3-4 маусымда өткізілетін болады.