Облыс мектептерінің түлектері (11 сынып оқушылары) арасындағы «Мақтанышым, мектебім!» облыстық бейнероликтер байқауының қорытындысы

Облыс мектептерінің түлектері (11 сынып оқушылары)  арасындағы «Мақтанышым, мектебім!» облыстық  бейнероликтер байқауының қорытындысы

Бүгін, 25 мамырда, облыстың барлық мектептерінде алғаш рет «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған шаралар онлайн режимінде өтті.

Облысымыздың оқушылары «Мақтанышым, мектебім!» атты облыстық байқауына қатысып, өздерінің видеоларында мектептеріне деген тілектерін білдірді.

Байқауды ШҚО ББ Шығыс Қазақстан өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығы ұйымдастырып, түлектердің белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, компьютерлік технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылық және эстетикалық әлеуетін дамытуға ықпалын тигізді.

Конкурстық жұмыстарды бағалау нәтижелері бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын – 11 «В» шығармашылық тобы, Өскемен қаласы әкімдігінің «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназия» КММ;

2 орын - Кашкарова Кристина, «А.С.Иванов атындағы Выдриха «Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша» кешені» КММ, Шемонаиха ауданы;

3 орын - 11 сынып оқушылары, «Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақша» КММ, Үржар ауданы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!