Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша облыстық практикум

Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша облыстық практикум

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы азаматтық сектормен ынтымақтастық шеңберінде «Қазақстан болашағы үшін» Өскемен жастар қоғамдық бірлестігімен 2023 жылғы 27 қарашада облыстың білім беру мекемелерінің 120 педагогы үшін дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру бойынша семинар практикум өткізді.

Практикум барысында шақырылған денсаулық сақтау саласының маманы шұғыл жағдайларда және жарақаттардың, құрысулардың, уланулардың, қан кетулердің, тыныс алуды тоқтату кезіндегі реанимациялық іс-қимылдардың әртүрлі түрлерінде алғашқы көмек көрсету принциптерін теориялық түсіну негіздерін берді. Қатысушылар барлық сұрақтарға жауап алды.

Практикалық дағдыларды пысықтауға ыңғайлы болу үшін қатысушылар 40 адамнан тұратын кіші топтарға бөлінді.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.