«Саналы ұрпақ» слет- форумы

«Саналы ұрпақ»  слет- форумы

ШҚО Білім басқармасы, «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК 2023 жылдың 24 қарашасында «Саналы ұрпақ»  атты техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында облыстық жастар слет-форумын өткізілді.

Слеттің мақсаттары мен міндеттері:

- ҚР ТжКБ ұйымдарында оқитын студенттердің бойында парасаттылықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

- қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне  төзбеушілікті тәрбиелеу бойынша студенттік бастамаларды көтермелеу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру;

- оқу үдерісінің ашықтығы мен айқындылығы;

- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы бойынша саяси-құқықтық білімді кеңейту.

Слет - форумге Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы И.А.Чернышёва, Қазақстан Республикасы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы А.А. Бейсембаев, ШҚО қоғамдық даму басқармасы жастармен және азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Е.С. Балтабеков қатысты.

Слет барысында:

     - «Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді;

    -  «Жемқорлық-ғасыр дерті» интеллектуалдық ойыны өткізілді.

Слет аясында плакаттар сайысы, эссе сайысы, роликтер сайысының женімпаздарының марапатталды.

Салтанатты іс-шара аясында 32 колледжден келген 1 курс студенттері ант қабылдап, «Саналы ұрпақ» төс белгісін табысталды. Мереке  сонында ауыспалы «Адалдық» кубогы сайыстар женімпазы атанған Қазақстан-Американдық Еркін Университетінің  жоғары колледжіне табысталды.