ШҚО Білім басқармасы, «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК 2023 жылдың 24 қарашасында «Саналы ұрпақ» атты техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында облыстық жастар слет-форумын өткізеді.
Слеттің мақсаттары мен міндеттері:
- ҚР ТжКБ ұйымдарында оқитын студенттердің бойында парасаттылықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
- қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті тәрбиелеу бойынша студенттік бастамаларды көтермелеу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру;
- оқу үдерісінің ашықтығы мен айқындылығы;
- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы бойынша саяси-құқықтық білімді кеңейту.
Қатысушылар: «Саналы ұрпақ» клубтарының жетекшілері мен белсенділері және ШҚО колледж директорларының орынбасарлары, ШҚО Білім басқармасы және «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаментінің өкілдері.
Слет барысында:
- 1-алаңда Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарларының қатысуымен дөңгелек үстел «Біздің таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ»;
- 2-алаңда Слет-форум қатысушылары арасындағы «Жемқорлық-ғасыр дерті» интеллектуалдық ойыны;
- ашылу алтанатында студенттерді «Саналы ұрпақ» клубының қатарына қабылдау, төсбелгі тапсыру;
- жабылу салтанатында «Адалдық» ауыспалы кубогін тапсыру, сайыс женімпаздарын марапаттау.
Өтілу түрі: офлайн;
Слеттің өтетін орны мен уақыты: 2023 жылғы 24 қараша күні, сағат 10.00. Өскемен қаласы, 30-Гвардиялық дивизия, 4 көшесі, «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК өткізіледі.
Слеттің ұйымдастырушылары: ШҚО білім басқармасы, , «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі» КМҚК.
Анықтама үшін тел : 702342; 7054538145; 87771693589.