Суицидтің алдын алу және ерте жүктілік бойынша семинарлар

Суицидтің алдын алу және ерте жүктілік бойынша семинарлар

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы азаматтық сектормен ынтымақтастыққа ерекше назар аударады.

2023 жылғы 22 қарашада «Позитивті дүниетанымды қалыптастыру және кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Қазақстанның болашағы үшін» Өскемен қалалық жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп кәмелетке толмағандардың ерте жүктілігі мен суицидтік мінез-құлқының алдын алуға бағытталған облыстық семинарлар өткізілді.

Семинар барысында кәсіби психолог және психиатр облыстың білім беру мекемелерінің педагог-психологтарына жасөспірімдермен жұмыс әдістемесі бойынша кәмелетке толмағандардың тәуекелдік мінез-құлқын ерте анықтау мәселелерін көрсетті.

Семинар-практикум жұмысына облыс мектептерінің 60 педагог-психологы қатысты.

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.