Абайлаңыз, жұқа мұз!

Абайлаңыз, жұқа мұз!

Қысқы табиғат қауіпсіздік ережелерін білмейтін немесе қолдана алмайтын адамдарға мейірімді болмайды. Мәселенің өзектілігін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Örken" Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы" КММ ШҚО ТЖД АҚБ офицері майор Тұрсынғалиев Ерік Еркінбекұлымен бірлесіп "Абайлаңыз жұқа мұз"тақырыбында интерактивті сабақ өткізді.

Оның негізгі тезистері:

1) мұзға байланысты төтенше жағдайлар;

2) мұздағы қауіпсіздік шараларын сақтау;

3) практикалық ұсыныстар;

4) мұз астына түскен жәбірленушіге көмек көрсету:

5) мұзға шыққан кезде өзіңізбен бірге не алуға болады;

Спикер егжей-тегжейлі нұсқау бере отырып, облыс оқушыларына мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды және жақындарына ескерту жасауды тіледі.