
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәні мұғалімдері арасында 2023 жылдың 1 желтоқсан күні «Алаш» қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің негізін салушы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Мен жастарға сенемін» атты дебат өткізеді.
Мақсаты – «Мен жастарға сенемін» өлеңінің идеясын әр позицияда қорғау. Рухани мұралардың тереңіне бойлап, бабадан қалған өсиет-насихаттан нәр алып, жас ұрпақтың таным кеңістігінің ұлғаюына үлес қосу. Жас мамандарды өз позициясындағы фактілерді зерттеуге, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық дәлелдеуге, өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу.
Дебатқа қатысушылар - аудандық, қалалық білім беру мекемелерінің және облыстық білім беру ұйымдарының (мемлекеттік тілде оқытатын мектептер үшін) қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәнінің жас мамандары.
Дебат барысында спикерлер өз көзқарастарын дәлелдейді. Дебат құрылымы, шарты, ерекшелігі жайлы жас мамандарға әдістемелік қолдау жасалады. Терминдердің қолданылу аясы, дебат құрылымы, шарты, ерекшелігі көрсетіледі.
Жауапты – әдіскерлер Б.К.Абраимова., 87017677658., А.Ж.Билялова, 87055014271