Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші (бастапқы) кезеңінің анонсы

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші (бастапқы) кезеңінің анонсы

Бүгін ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша І Республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі басталды.

Олимпиадаға қатысу үшін Шығыс Қазақстан облысынан 9-11 сыныптардың 2772 оқушысы тіркелді.

2023 жылғы 20 қарашада облыстың барлық аудандарында бір мезгілде аудан әкімдерінің орынбасарлары мен білім бөлімдері басшыларының қатысуымен олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Глубокое ауданының Уварово ауылындағы Уварово орта мектебінің базасында өткен олимпиаданың салтанатты ашылуына Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы И.А. Чернышёва қатысты.

Инесса Александровна өз сөзінде ауыл мектептері үшін барлық жағдай жасалатынын атап өтті: «Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған  І республикалық олимпиада ауылдық жерлердегі дарынды жастарды анықтау және қолдау бойынша оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің тапсырмасы аясында өткізіледі. Бұл олимпиадада барлықтарың жеңімпазсыңдар, өйткені сендер көп оқып-білуге тырыстыңдар. Өйткені, білім - әр адамға қажет байлық, соның арқасында сендер көп нәрсеге қол жеткізе аласыңдар, табысты болып, өз елдеріңнің дамуына үлес қоса аласыңдар. Олимпиаданың барлық қатысушыларына табыс тілеймін!».

Олимпиада кестеге сәйкес республика бойынша бір мезгілде өткізіледі және 29 қарашаға дейін жалғасады.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!