
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2023 жылғы 8 желтоқсан күні жалпы орта білім беретін мектептердің және облыстық білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне арналған «Бәсекелес педагог – 2023» атты облыстық байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасы негізінде педагогтердің ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау арқылы кәсіби, ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру, шығармашыл, талантты мұғалімді анықтау, білім беру қызметін әдістемелік қолдау, педагогтер мәртебесін көтеру.
Байқау 2 кезеңнен тұрады.
І кезең - аудандық/қалалық, аталған кезеңде екінші кезеңге қатысуға ұсынылатын педагогтер анықталады.
ІІ кезең – облыстық кезеңге әр аудан/қаладан 1 жеңімпаз (хаттама негізінде) қатысады.
Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары ШҚО ББ-ның I, II, III дипломдармен марапатталады.
Өткізілу орны: ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ, 4 қабат
Жауапты - А.Ж.Билялова