
ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығымен 2020 жылдың 22 мамырында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне және облыстың жалпы білім беретін мектептерінің педагог - психологтарына арналған «ҰБТ тапсыру кезінде түлектерді психологиялық сүйемелдеу» тақырыбында облыстық onlinе семинары өтті.
Іс-шараның мақсаты - қашықтықтан оқыту жағдайында ҰБТ-ға дайындау бойынша облыстың жалпы білім беретін мектептерінің педагог-психологтарына әдістемелік көмек көрсету.
Onlinе семинар барысында Өскемен қаласы әкімдігінің «№30 жалпы білім беру мектебі» КММ педагог-психологы Г.В. Шиколенко, Өскемен қаласы әкімдігінің «№46 орта мектебі» КММ педагог-психологы А.З. Сабырбаева, Өскемен қаласы әкімдігінің «№30 жалпы білім беру мектебі» КММ педагог-психологы О.Г. Розенберг тәжірибе алмасты.
Шараға 230-дан астам аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің педагог – психологтары қатысты.
Onlinе семинарда қашықтықтан оқыту жағдайында ҰБТ тапсыру кезінде түлектерді психологиялық сүйемелдеу жұмысының практикалық түрлері мен әдістерін қолдану тәжірибесі бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
БАРЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРГЕ ҰБТ-ны СӘТТІ ТАПСЫРУДЫ ТІЛЕЙМІЗ!