«Үздік өлкетану сабағы -2023» облыстық байқауының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Үздік өлкетану сабағы -2023» облыстық байқауының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Үздік өлкетану сабағы-2023» облыстық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты – өлкетану пәнінің танымалдылығын арттыру, мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау және тарату.

Байқаудың міндеттері:

  • білім сапасын арттыру үшін инновациялық педагогикалық технологияларды дамыту;
  • туған өлке тарихын оқытудағы жаңа әдістер мен тәсілдерді енгізу;
  • патриоттық білімді дамыту және нығайту бойынша мұғалімдердің креативті қызметін жетілдіру;
  • байқау арқылы дарынды шығармашыл педагогтердің қызметін қолдау, жеке тәжірибесін насихаттау және ШҚО білім басқармасының білім порталына жариялау.

Қатысушылар санаты: «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» (орыс тілінде оқытатын мектептерге «Қазақ тілі мен әдебиеті»), «География», «Музыка» пәндері бойынша байқаудың аудандық және қалалық кезеңдерінің жүлдегерлері.

Өтетін орны: ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы», Абай 21

Өткізу форматы: офлайн

Өтетін мерзімі: 2023 жылғы 28 қараша

Өтетін уақыты:сағат 10.00-13.00

Іс-шараға жауапты: Абраимова Бақыт Қасеновна, ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» ҚГБ әдіскері.