«Балабақшаларды кәсіптік бақылау мен мемлекеттік аттестаттауға дайындау принциптері мен технологиялары»

«Балабақшаларды кәсіптік бақылау мен мемлекеттік аттестаттауға дайындау принциптері мен технологиялары»

ШҚО ББ «Örken» өңірлік орталығы 2023 жылдың 13 қарашасы күні меншіктік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшыларына балабақшалардың мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында кеңес өткізді.

Кеңесті ШҚО ББ «Мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің» бас маманы Кажибекова Бақытгүл Серкановна ашып, қатысушыларды облыстың мектепке дейінгі мекемелерінің ағымдағы жағдайымен таныстырды. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап облыс бойынша 36 балабақшаның мемлекеттік аттестаттаудан өткізілетіндігін, шараға үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін айтып өтті.

Кеңес жұмысын ШҚО білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің «Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің» басшысы Райымбекова Ботагоз Акатаевна жалғастырып, ШҚО мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 2023 жылғы аттестаттау қорытындылары туралы, облыстың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу туралы айтты. Департамент қызметкері оқу-тәрбие процесін реттейтін білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

ШҚО ББ «Örken» өңірлік орталығының Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру бөлімінің әдіскері Қырықбаева Айгүл Қадылбековна балабақшалардың мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне аудандық/қалалық білім бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша әдіскерлерінің қолдау көрсетуінің маңыздылығы туралы айтып, балабақшаларды кәсіптік бақылау мен мемлекеттік аттестаттауға дайындау принциптері мен технологияларымен таныстыра келе, балабақшаларда жүргізілуі қажет құжаттар бойынша жадынамасын ұсынды.

Кеңес соңында қатысушылармен кері байланыс орнатылып, сұрақтарға жауаптар берілді.

Кеңеске облыстың мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары және әдіскерлері, жиыны 45 педагог қатысты.

Кеңес модераторы: ШҚО ББ «Örken» өңірлік орталығының Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру бөлімінің әдіскері Қырықбаева Айгүл Қадылбековна.