«Кемел Тоқаевтың өмір жолы мен шығармашылығы бойынша тарихи-әдеби танымдық шолу» интерактивті сабақ өткізу туралы

«Кемел Тоқаевтың өмір жолы мен шығармашылығы бойынша тарихи-әдеби танымдық шолу» интерактивті сабақ өткізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2023 жылғы 10 қарашада сағат 11.00-де 10-сыныптарға арналған цифрлық форматта «Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармаларына тарихи-әдеби шолу» қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының атасы, белгілі жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған интерактивті сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты-Кемел Тоқаевтың өмір жолын зерделеу арқылы оның шығармашылығын талдау, оқушылардың детективтік жанрдағы қазақ көркем әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың патриоттық сезімдері мен азаматтық ұстанымдарын тәрбиелеу.
Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған "Білім-инновация" облыстық мамандандырылған лицейінің педагогтары мен оқушылары қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаев туралы қызықты сабақ өткізді. Жазушының көзқарасы арқылы мектеп оқушылары әскери күйзелістің қатал атмосферасына енуге мүмкіндік алды. Жазушының, сөз шеберінің шығармалары балалардың жан дүниесіне қатты әсер етті, соғыс жылдарындағы балалардың тағдырына шынайы қызығушылық тудырды. Балалар біздің жерлесіміз, партизан қозғалысының батыры Қасым Қайсеновтың өмірінің бұрын белгісіз беттері туралы білді.
Сабаққа облыс мектептерінің 10-сыныптарының мыңнан астам оқушылары қатысты.