Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ассоциациясының отырысы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ассоциациясының отырысы

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының отырысын 2023 жылдың  8 қараша күні өткізді.

Отырыстың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда мектеп оқушыларының функционалдық оқу сауаттылығын дамыту (PISA) тәсілдерін, белсенді оқыту әдістерін  тиімді қолдану жолдарын ұсыну.

Қауымдастықтың жоспарлы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту үдерісіне PISA дайындығын кіріктіру жолдары» тақырыбы аясында пән мұғалімдері өз ізденістерімен бөлісті.

 ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Опытное поле орта мектебі» КММ педагог-зерттеуші Абежанова Бигуль Маташовна, «Степной негізгі мектеп-балабақша кешені» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, педагог-сарапшы Муратов Ерболат Казбекович «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту үдерісіне PISA дайындығын кіріктіру жолдары»;

ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Көгедай орта мектебі  КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Кокенова Назым Габдулманапкызы «Интерактивті әдістер арқылы оқушылардың жазылым дағдыларын қалыптастыру»;

 ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, педагог-сарапшылар Темиргалиева Салтанат Муратбековна және Сембинова Гульнур Есентаевна «Қазақ тілі пәнінен оқу мақсаттарына негізделген тапсырмалар жүйесі» тақырыптарында белсенді оқудың маңыздылығын, оқу сауаттылығын дамытуға арналған стратегияларды қолданудың тиімділігіне бағытталған тапсырма түрлерін көрсетіп, іс-тәжірибелерімен алмасты.