
ШҚО білім басқармасының Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми - әдістемелік «Örken» орталығының күзгі каникул мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес Риддер қаласының педагогтері үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын тиімді әдістер» шеберлік сыныбы өткізілді.
Шеберлік сыныпта ШҚО ББ Шемонаиха ауданы білім бөлімінің «№2 орта мектебі» КММ қазақ тілі мұғалімі, педагог-зерттеуші, «Үздік тіл пәндері мұғалімі» байқауының жеңімпазы, облыс әкімі сыйлығының иегері Зухра Тұрсынбекқызы Құсайынова өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Шеберлік сыныбына барлығы 41 қазақ тілі пәнінің мұғалімі қатысты. Шеберлік сыныпта педагог өзінің серіктесі, педагог – сарапшы Б. Омаровамен бірлесіп мұғалімдерге қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын тиімді әдістер мен тәсілдерін ұсында.
Шеберлік сыныпты өткізу кезінде оқушылардың оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру бойынша әралуан тиімді әдістермен таныстырды.
Кері байланыс барысында Зухра Тұрсынбекқызы қатысушылармен бірге қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін қолдану аясын талдады.
Спикерлерге тәжірибе алмасқаны үшін арнайы сертификаттар берілді.