Өскемен қаласының қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған шеберлік- сынып туралы

Өскемен қаласының қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған  шеберлік- сынып туралы

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының күзгі демалыс мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес мұғалімдер үшін «Оқытудың тиімді әдістері – оқушыларды мемлекеттік тілді оқытуды ынталандыру құралдары» шеберлік сыныбы өткізілді.

Шеберлік сабағын ШҚО ББ Риддер қаласы білім бөлімінің «№2 орта мектебі» КММ қазақ тілі мұғалімі, педагог-зерттеуші, «Үздік тіл пәндері мұғалімі» байқауының жеңімпазы, облыс әкімі сыйлығының иегері Көшерова Бақытгүл Мұратбекқызы өткізді.

Шеберлік сыныбына Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының 60 астам  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты.

Шеберлік сынып барысында педагог әріптесі К. К. Досановамен бірлесіп мұғалімдерге қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді тәсілдерін ұсынды.

Шеберлік сыныптың қорытынды бөлімінде Өскемен қаласының «№7 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Д.Бөкеева,  А. Мұратбаева, Г. Балтабаева, Т. Баякова, А. Зулькаримова өз тәжірибелерімен бөлісті.

Жұмыс тобының мүшелері А. Есембаева мен А. Қадырханова қазақ тілін үйренуге арналған «Onai qazaqsha» мобильді қосымшасына  таныстырылым жүргізді. Спикерге тәжірибелерімен бөліскені үшін арнайы сертификаттар берілді.