ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының күзгі демалыс мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес педагогтерге шеберлік сынып өткізілді.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Самара ауданы бойынша білім бөлімінің «Сарыбел орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-модератор, «Үздік тіл пәндері мұғалімі» байқауының жеңімпазы, облыс әкімі сыйлығының иегері Алтай Ардагүл ауданынның қазақ тілі пәні мұғалімдеріне «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім беру платформаларында жұмыс істеу әдістері мен тәсілдері» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.
Іс-шара барысында логикалық тапсырмалар арқылы баланың сөздік қорын, сыни ойлауын, есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін түрлі интерактивті платформалар арқылы жұмыс істеу тәсілдері көрсетілді.