Дарынды балалармен жұмыс

Дарынды балалармен жұмыс

Шығыс Қазақстан облысында оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен көңіл бөлініп, дарынды балаларды анықтау және дамыту үшін жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2022-2023 оқу жылында зияткерлік олимпиадалардың, конкурстар мен ғылыми жарыстардың қатысушылары облыстың 129 630 оқушысы болды, олардың 63 516-ы жүлдегер атанды.

Шығыс Қазақстан облысының дарынды балалар командасы халықаралық және республикалық деңгейдегі зияткерлік жарыстарда соңғы үш жылда             453 медаль жеңіп алды, оның ішінде: 6 бас жүлде,  86 алтын, 142 күміс, 219 қола. Оның ішінде: халықаралық жарыстарда 41 медаль; 412 медаль - республикалық деңгейдегі іс-шараларда.

 2022-2023 оқу жылындағы республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардағы  медальдар саны

Оқу жылы

Республикалық жарыстар

Барлығы

Алтын

Күміс

Қола

2022-2023

16

38

46

100

 

2022-2023 оқу жылындағы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардағы медальдар саны

 

Оқу жылы

Международные состязания

Барлығы

Алтын

Күміс

Қола

2022-2023

1

3

4

8

 Қазақстан Республикасының олимпиадалық резерв мүшелері

Химиядан Қазақстан Республикасының олимпиадалық резервінің мүшесі Мамырбеков Бекболат - Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің түлегі, химиядан оқушылардың республикалық олимпиадасының жеңімпазы, химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасының бірнеше дүркін жүлдегері, математика, физика, химия және информатикадан Халықаралық «Туймаада» олимпиадасының күміс жүлдегері. Бекболат ең беделді халықаралық ғылыми олимпиадалардың   бірі - Цюрих қаласында (Швейцария) химия бойынша халықаралық олимпиадасының (IСhО-2023) қола жүлдегері.

Математикадан Қазақстан Республикасының олимпиадалық резервінің мүшесі Маратұлы Алинұр - Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы, жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша  республикалық олимпиаданың күміс жүлдегері, математика, физика, химия және информатикадан Халықаралық «Туймаада» олимпиадасының күміс жүлдегері. Әлинұр – Қазақстан Республикасы Ұлттық зияткерлік құрамасының құрамында Тирана қаласында (Албания) математикадан халықаралық жасөспірімдер олимпиадасына (JBMO) қатысып, қола медаль иегері атанды.