«Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша қашықтықтан оқыту кезеңінде (ТЖБ) дайындаудың және өткізудің ерекшеліктері» онлайн әдістемелік семинары

«Қазақ тілі мен әдебиеті  пәндері бойынша қашықтықтан оқыту кезеңінде (ТЖБ) дайындаудың және өткізудің ерекшеліктері»  онлайн әдістемелік семинары

2020 жылғы 20 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша қашықтан оқыту кезінде тоқсандық жиынтық бағалауды дайындау және оны өткізу» онлайн-әдістемелік семинарын өткізді.

Әдістемелік семинардың мақсаты: облыс мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті  пәндері мұғалімдеріне және осы пәндерге басшылық жасайтын аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне 2019-2020 оқу жылының ІҮ тоқсанында қашықтан оқыту жағдайында тоқсандық жиынтық бағалауды дайындау және оны өткізу бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Аталған іс-шараға аудандық/қалалық білім бөлімдерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскерлері және жалпы білім беретін орта мектептердің пән мұғалімдері, барлығы 50 адам қатысты.

Онлайн семинар модераторы ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны және білім сапасының мониторингі кабинетінің әдіскері Д. М. Бабашова Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 135 және 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 168 бұйрықтарымен бекітілген қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларға сараланған көзқарастың қажеттілігін атай келе, тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуге арналған әдістемелік ұсыныстармен таныстырды.

Семинар барысында облыс мұғалімдері «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалауды даярлау және өткізудегі тәжірибелерімен бөлісті. Олар: Майгүл Ертуғанқызы Аягөз ауданы, «№4 жалпы аралас орта білім беретін мектебі», Карагаева Анар Зарлыққызы Өскемен қаласы әкімдігінің «№9 орта мектебі» КММ, Смаилова Сымбат Тансыккановна  Аягөз ауданы  «№1 Ақшаулі ЖББОМ» КММ, Конкаева Эльмира Зарлыковна Семей қаласы. «№30 ЖББОМ», Анкебаева Асем Маркаленовна Аягөз ауданы, «Д. Бабатайұлы» атындағы ЖББОМ» КММ өздері сабақ беретін 5-10 сыныптарға арналған тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын қалай дайындауға және өткізуге болатындығын тапсырма үлгілері арқылы көрсетті.

Онлайн семинар барысында мұғалімдер мен әдіскерлер қашықтық форматтағы ТЖБ дайындау және өткізу бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар мен ұсыныстар алды.

Аталған семинар материалдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне және облыстық білім беру ұйымдарына жіберілді, сондай-ақ ШҚО ББ білімдік порталына орналастырылды.