
ШҚО білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының тәрбие жұмысы кабинеті 2020 жылдың 20 мамырында Күршім ауданының тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларына арналған «Тәрбие үдерісін ұйымдастыру: заманауи идеялар мен технологиялар» тақырыбында онлайн кеңес өткізді.
Іс-шараның мақсаты - тәрбие үрдісін ұйымдастыруда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсету.
Жұмыс тәжірибесімен бөлісті:
- Асанова Д. Ж., «№3 Күршім гимназиясы» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері»;
- Сапаргалиева А. З., «№1 Күршім орта мектебі» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – «Мектеп-ата-ана-бала: үш жақты келісім-шартты қалай жасауға болады»;
- Алмаганбетов Ж.С., «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицей» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары» - «Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінде «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын жүзеге асыру».
Ісшараға Күршім ауданының 35 педагог қатысты. Қатысушылар тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктерін, 2020 жылдан бастап барлық мектептерде ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамытуға, балаларды тәрбиелеуде отбасының рөлін арттыруға, мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылының жаңа форматын енгізуге бағытталған «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын жүзеге асыру қажеттілігін талқылады.
Кеңес барысында қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсыныстар ұсынылды.