«Жас басшы кадрлар резерві мектебі-2023» бірінші сессиясы

«Жас басшы кадрлар резерві мектебі-2023» бірінші сессиясы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылдың 1-3 қараша аралығында «Жас басшы кадрлар резерві мектебі» жобасы аясында  «Басқару психологиясы» бірінші сессиясы өтті. 11 ауданнан білім беру саласының 39 педагогі психологиялық басқару бағытында кәсіби құзыреттілігін арттырды.

Тұрақты жұмыс істейтін мектептің мақсаты облыстың білім беру ұйымдарында басшылық жұмысқа дайын білікті мамандарды даярлау болып табылады.

Дәрістер мен практикалық сабақтар арқылы жобаға қатысушылардың практикалық басқару іс-әрекетінің дағдылары қалыптасады, инновациялық белсенділік тәжірибесі бекітіледі. Резерв мектебінің бағдарламасы педагогикалық, психологиялық және басқару бағыттарын қамтиды,  4 сессияның ұзақтығы 96 сағатты құрайды.

Сессия дәрістерін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының профессоры Грызунова Галина Васильевна және  аға оқытушысы  Берекполова Гульфия Октябревна оқыды.

Бірінші сессияның міндеті - басқару қызметінің психологиялық негіздерімен танысу және командалық білім беру, жанжалдарды шешу, күйзеліс және уақытты басқару мәселелерін шешу дағдыларын дамыту.

Қорытынды сынақ жұмысы ретінде әрбір тыңдаушы білім беру ұйымының басшысы болу үшін күшті және әлсіз жақтарын, қолда бар ресурстарын, құралдары мен кәсіби қабілеттерін талдай және бағалай отырып, жеке қызметтік өсудің өзін-өзі басқаруы жүзеге асырылды.

Басшы кадрлар резерві мектебі жұмысының нәтижелері бойынша оң бағалар берілді, тыңдаушылар сабақтардың практикалық бағыттылығын, алған білімдерін кәсіби қызметте қолдану мүмкіндігін және алған дағдыларының маңыздылығын атап өтті.

Мектептің келесі сессиясы 2024 жылдың қаңтар айында өтеді.