
ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2020 жылдың 20 мамырында инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін әдіскерлерге, инклюзивті сыныптарда жұмыс жасайтын психологтар мен педагогтерге арналған «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында облыстық onlinе-кеңес өткізді.
Іс-шараның мақсаты - инклюзивті білім беру педагогтарына әдістемелік көмек көрсету, мүгедек балалардың білім алу қажеттіліктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және оқу бағдарламаларын меңгеруге ықпал етуді қашықтықтан оқыту түрінде білім беру ортасы үшін жағдай жасау.
Onlinе-кеңесте Өскемен қаласы әкімдігінің «№8 орта мектебі» КММ директорының әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары З. Р. Акенова, Өскемен қаласы әкімдігінің «№19 қосымша білім беру мектеп – орталығы» КММ педагог-психологі А. Н. Кузин, ШҚО ББ «Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Л. М. Жалаушинова тәжірибе алмасты.
Іс-шараға облыстың 240 педагогі қатысты. Қатысушылар білім алушылар мен педагог қызметкерлердің электрондық білім беру ресурстарына қол жетімділігі бөлігінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қашықтықтан білім беру қызметінің тиімділігін талқылады.
Шара барысында арнайы мектептерде/интернаттарда және ППТК кабинеттерінде ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.