
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 4 қыркүйегінен 02 қарашасы аралығында білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Tuğan jerdіŋ tabiğaty» облыстық бейнероликтер байқауын өткізді.
Негізгі мақсаты: жасөспірім ұрпақтың кешенді білімін, Шығыс Қазақстанның өлкетануы туралы тұтас ұғымын қалыптастыру және жастардың зияткерлік, шығармашылық және эстетикалық потенциалын бейнеөнер арқылы дамыту. Байқауға білім беру ұйымдары оқушыларының 97 жұмысы ұсынылды.
Жұмыстарды бағалау нәтижелері бойынша сараптама комиссиясы 2 санат бойынша жеңімпаздарды анықтады: 1-5 сыныптар, 6-11 сыныптар.
Облыс мектептерінің 1-5 сыныптарының арасында жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орын - Смит Полина, 4 сынып оқушысы, «№1 Предгорное орта мектебі» КММ, Глубокое ауданы.
Екінші орын - Қуанышұлы Ермахан, 5 сынып оқушысы, «Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі» КММ, Катон-Қарағай ауданы.
Екінші орын - Оразаева Шұғыла, 5 сынып оқушысы, «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Өскемен қаласы.
Үшінші орын – Елена Немчинова, 5 сынып оқушысы, «Мариногорка орта мектебі» КММ, Самар ауданы.
Үшінші орын – Сейітқали Айдана, 3 сынып оқушысы, «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Өскемен қаласы.
Үшінші орын - Мағаш Арсен, 3 сынып оқушысы, «Амангелді орта мектебі» КММ, Самар ауданы.
Облыс мектептерінің 6-11 сыныптарының арасында жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орын - Қорабай Алина, 10 сынып оқушысы, «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ, Өскемен қаласы.
Екінші орын - Мамиев Нұртас, Амангелдина Жанель, 7 сынып оқушылары, «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Өскемен қаласы.
Екінші орын - Ырысбек Мадина, 9 сынып оқушысы, «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ, Өскемен қаласы.
Үшінші орын - Қаматаев Әли, Латиф Амина, Токенаева Аружан, 10 сынып оқушылары, «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ, Өскемен қаласы.
Үшінші орын - Бақытжанқызы Кәусар, 8 сынып оқушысы, «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ, Өскемен қаласы.
Үшінші орын – Ғабитов Камил, Ольман Роман, Буланова Карина, Раевская Анна, Буланов Тимур, 9-11 сынып оқушылары, «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, Өскемен қаласы.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Байқауға қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз және барлық бастамаларға сәттілік тілейміз!