«Кемел Тоқаевтың өмір жолы мен шығармашылығы бойынша тарихи-әдеби танымдық шолу» интерактивті сабақ өткізу туралы

«Кемел Тоқаевтың өмір жолы мен шығармашылығы бойынша тарихи-әдеби танымдық шолу» интерактивті сабақ өткізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» патриоттық тәрбие беру мақсатында 2023 жылғы 10 қараша күні сағат 11.00-де қазақ әдебиетінің детективтік жанрының негізін қалаған, белгілі жазушы, Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған 10 сыныптар арасында «Кемел Тоқаевтың өмір жолы мен шығармашылығы бойынша тарихи-әдеби танымдық шолу» тақырыбында интерактивті сабақ өткізеді.

Сабақтың мақсаты - Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқушылардың детективтік жанрдағы қазақ көркем әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып, азаматтық ұстанымдарына тәрбиелеу.