
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығың күзгі каникул мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Алтай қаласының «№9 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің орыс тілі пәнінің, педагог- эксперт ұстазы, «Тіл пәндерінің үздік мұғалімі» байқауының жеңімпазы, облыс әкімі сыйақысының иегері Досумбаева Айнур Оралхановна «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында Катонқарағай ауданының орыс тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн форматта шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сыныпқа аудандағы 28 мектептен 32 орыс тілі пәні мұғалімі қатысты.
Шебер сынып барысында педагог-эксперт Айнур Оралхановна мұғалімдерге орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастырудығы тиімді жолдарын ұсынды. Орыс тілі сабағын жүргізген уақытта түрлі интербелсенді платформалар арқылы олардың оқуға деген қызығушылығына және де әртүрлі логикалық тапсырмалар арқылы баланың сөздік қорын, ойлау және есте сақтау қабілетінің дамуына бағытталған жұмыс жүйесімен таныстырды.
Педагог-сарапшы Анар Оралханқызы орыс тілін оқытудың өзіндік әдістемесіне мүдделі педагогтармен рефлексия жүргізді.