
2020 жылдың 19 мамырында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» ҰҒПББСО Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының Өзін-өзі тану мұғалімдері мен колледж оқытушыларына арналған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын қазіргі жағдайда жүзеге асыру» тақырыбында өңірлік семинары өтті.
Семинардың мақсаты - білім беру ұйымдарында тәрбие және оқыту жүйесі мазмұнының рухани-адамгершілік аспектісін күшейту бойынша педагогтарға әдістемелік көмек көрсету.
Семинарға қатысушылар – «Бөбек» орталығының қызметкерлері, білім басқармасының өкілдері, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер, өзін-өзі тану мұғалімдері.
Республикалық семинар барысында қашықтықтан оқыту жағдайында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті: Исаев А.А., ШҚО ББ «Шығыс» ӨО директордың орынбасары; Путилина Е.Ю., «Алтай қаласының №8 орта мектеп» КММ директоры; Мешелова У.Т., «Б. Ахметов атындағы орта мектеп» КММ өзін-өзі тану мұғалімі; Тагиева И.Т., «Маяковский атындағы орта мектеп» өзін-өзі тану мұғалімі; Нурланова А. К., «М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушысы.
Семинар материалдары www.ozin-ozi-tanu.kz порталында орналастырылды.