Облыстың жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру және сараптау» онлайн вебинары

Облыстың жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып  мұғалімдеріне арналған «Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру және сараптау» онлайн вебинары

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2020 жылғы 19 мамырда қашықтықтан оқыту форматында облыс мектептерінің 100-ден астам бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен «Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру және сараптау» онлайн вебинарын өткізді.

Вебинар мақсаты – педагогтерге әдістемелік көмек көрсету.

Вебинар модераторы ШҚО ББ «Шығыс» ӨО мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш білім беру кабинетінің әдіскері -  Г.К. Дукетаева.

Вебинар барысында бастауыш сынып мұғалімі Мейрембаева Баршагуль Кусайновна (Көкпекті ауданы «Абай атындағы мектеп – бала бақша кешені» КММ) өз тәжірибесімен бөлісті.

Вебинардың аталмыш тақырыбы бойынша материалдар ШҚО ББ сайтында «Қашықтықтан оқыту» бөлімінде орналастырылған.