
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2020 жылғы 3 сәуір мен 15 мамыр аралығында облыс педагогтары арасында «Болашаққа қадам» атты облыстық конкурс өткізді.
Конкурстың мақсаты - оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығының перспективалық бағыттарын дамытуда орта білім беру ұйымдары мен жеке мұғалімдердің инновациялық әлеуетін анықтау; педагогтарды, инновациялық идея авторларын анықтау және қолдау; педагогтардың цифрлық ойлау қабілетін қалыптастыру, ІТ-бағыттарын енгізу тәртібінде жұмыс істейтін мұғалімдердің қызығушылығын арттыру.
Ұйымдастыру комитетінің қарауына 13 конкурстық өтінім жіберілді.
Байқау жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланды: жұмыстың мәлімделген тақырыбына сәйкестігі, ұсынылған материалдың эстетикасы және жұмыстың визуалды рәсімделуі, түрлі медиа-ресурстардың болуы және сапасы, жұмыстың жаңашылдығы және практикалық қолданылуы.
Конкурстық жұмыстарды бағалау нәтижелері бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орын – Дуанқанов Ринат Даулетбекұлы, информатика пәнінің мұғалімі, «Кеңсай орта мектебі» КММ, Зайсан ауданы;
Екінші орын – Еремин Алексей Иванович, информатика және робототехника пәнінің мұғалімі, Риддер қаласының «№1 мектеп-лицейі» КММ;
Үшінші орын – Суворова Галина Викторовна, информатика және робототехника пәнінің мұғалімі, Курчатов қаласының «№ 2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ.