
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 27 қазанда Зайсан ауданының қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық тәжірибесін жинақтау және тарату мақсатында «Қосымша білім беру ұйымдарында оқушыларды оқытудың дамытушылық технологиялары» облыстық практикалық семинарын өткізді.
Семинарға облыстың қосымша білім беру мекемелерінің педагогтері қатысты.
ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Меруерт Муратқызы аудан бойынша қосымша білім беру ұйымдарының жұмыс жүйесімен таныстырып, баяндама жасады.
Семинар барысында ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК, «Балалар шығармашылық үйі» КМҚК педагогтері прима-домра, қобыз, домбыра, фортепиано, вокал, хореография, ақындар сыныбы, дәстүрлі ән, актерлік шеберлік, теория-сольфеджио, сәндік-қолданбалы өнер, техникалық бағыт, көркемсурет, эко-биологиялық бағыт, шахмат бойынша шеберлік сыныптар, ашық сабақтар көрсету арқылы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіре отырып, семинардың жоғары, кәсіби деңгейде өткенін атай кетіп, ұсынылған шебер сыныптардан алған әсерлерімен бөлісті, жаңа технологиялар бойынша тиімді әдістемелік қолдау алғандарын атап өтті.
Модератор: Нурмухамедова Эльста Алибековна, ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері.