
2023 жылғы 27 қазанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті.
Сараптамалық кеңес отырысында облыстық білім беру ұйымдарынан барлығы 26 материал, оның ішінде 8 әдістемелік құрал, 14 авторлық бағдарлама, 4 элективті курс бағдарламалары және «Оңай қазақша» мобильді қосымшасы қаралды.
Сараптамалық кеңес отырысының жұмысына 11 комиссия мүшесі қатысып, ұсынылған материалдарды қарап, сараптамалық бағалау мен жұмыстар бойынша ұсыныстар берді.
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес жанындағы Сараптамалық кеңеске Шығыс Қазақстан облысы білім бөлімінің Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Жагыкпанова Майра Даукеновнаның «Дүниетану әлемі» 3 сыныпқа арналған вариативті курс бағдарламасы ұсынылды.