«Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар» облыстық онлайн-семинар

«Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар»  облыстық онлайн-семинар

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 27 қазан  2023 жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №160 «Тәлімгерлік қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар» бұйрығына сәйкес директорлардың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен педагог-тәлімгерлер үшін одан әрі жұмыс жоспарын түсіндіру бойынша облыстық онлайн- семинар өткізді.

Семинардың мақсаты-педагогтің кәсіби өсуі мен дамуына дайын, қажетті кәсіби және адамгершілік қасиеттерге ие білікті маман ретінде қалыптасу процесі бойынша түсіндіру жұмысы.

Семинарға 200-ден астам адам қатысты.

 Жұмыс барысында тәлімгерлік туралы ереже мен өткізу  тәртібі жайлы түсіндірілді.

 Семинар аясында педагогтер мен тәлімгерлер өз тәжірибелерімен бөлісті:

Демегенева Гүлмира Қайырханқызы, ШҚО ББ Алтай қаласы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының мектеп-лицейі "КММ ағылшын тілі мұғалімі"ұрпақтар сабақтастығы – табыстың кепілі";

Әлекеева Гүлназым Зеренханқызы, ШҚО ББ Самар ауданы бойынша білім бөлімінің "Аққала ауылының кешен-мектеп-балабақшасы" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі "Тәлім алушыны дайындау жұмыс жүйесі".

Семинар соңында тәлімгерлерге жас мамандармен жұмыс жүргізетін жылдық жоспар үлгісі, оқу жылының аяғындағы қорытынды есептің жасау жоспарына талдау жасалып, әдістемелік ұсынымдар берілді.

 Онлайн-семинар аяқталғаннан кейін модератор – Э.Т. Шауменова  қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің назарына осы мәселе бойынша негізгі нормативтік құжаттарды ұсынды.