Республикалық «Үздік дене шынықтыру педагогі-2023» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

Республикалық «Үздік дене шынықтыру педагогі-2023» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» 2023 жылғы 24 қазанында «Үздік дене шынықтыру педагогі-2023» Республикалық байқауының облыстық кезеңін «№19 Мектеп-қосымша білім беру» базасында өткізді.

Байқауға облыстың орта білім және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Қатысушылардың жұмыстары байқаудың ережесіне сәйкес құзыретті қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша:

I орын – Куматаева Инабат Муратовна, Өскемен қаласы «№ 15 орта мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі;

II орын – Искаков Ермек Амангельдинович, Тарбағатай ауданы  «Абай атындағы орта мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі;

III орын – Даулетқанов Мадияр Зейнелханұлы, Глубокое ауданы бойынша «Степное негізгі мектеп - бала бақша кешені» КММ дене шынықтыру мұғалімі;

«Шығармашыл ұстаз» номинациясымен - Вилимзонов Дмитрий Иванович, Өскемен қаласы бойынша «№19 мектеп – қосымша білім беру орталығы» КММ,

«Жаңашыл мұғалім» номинациясымен - Сағатов Бауыржан Советханұлы,  Риддер қаласы бойынша «Шаңырақ көпсалалы мектеп - гимназиясы» КММ дене шынықтыру мұғалімі,

«Креативті педагог» номинациясымен – Мукантаева Нургуль Кайратовна, Ұлан ауданы бойынша «Ш. Башиков атындағы негізгі мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі;

Байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Куматаева Инабат Муратовнаның материалдары республикалық кезеңіне қатысу үшін Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығына » РМҚК жолданады.