«Қазақстан тарихы» пәні бойынша қашықтықтан оқыту кезеңінде тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) дайындау және оны өткізу» онлайн әдістемелік семинары

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша қашықтықтан оқыту кезеңінде тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) дайындау және оны өткізу» онлайн әдістемелік семинары

2020 жылғы 18 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Қазақстан тарихы» пәні бойынша қашықтықтан оқыту кезінде тоқсандық жиынтық бағалауды дайындау және оны өткізу» онлайн-әдістемелік семинарын өткізді.

Әдістемелік семинардың мақсаты: облыс мектептерінің Қазақстан тарихы пәні мұғалімдеріне, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне 2019-2020 оқу жылының ІҮ тоқсанында қашықтықтан оқыту жағдайында тоқсандық жиынтық бағалауды дайындау және оны өткізу бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Аталған іс-шараға аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері және жалпы білім беретін орта мектептердің Қазақстан тарихы пәні мұғалімдері, барлығы 118 адам қатысты.

Онлайн семинар модераторлары ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны және білім сапасының мониторингі кабинетінің жетекшісі Абетаева Г.З және тарих пәні әдіскері Абраимова Б.К. Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 135 және 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 168 бұйрықтарымен бекітілген қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларға сараланған көзқарастың қажеттілігін атай келе, тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуге арналған әдістемелік ұсыныстармен таныстырды.

Семинар барысында облыс мұғалімдері «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалауды даярлау және өткізудегі тәжірибелерімен бөлісті. Олар: Жданова Ирина Сергеевна (Өскемен қ. «№2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ), Райымханова Әсем Мұратбекқызы (Өскемен қ. «№46 мектебі» КММ), Киприянова Инна Александровна, (Семей қ. «№18 жалпы орта білім беретін мектеп»); Жунусова Эльзира Аусехановна (Семей қ. «№12 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ), Шантемиров Архат Жанатович (Бесқарағай ауданы «Семенов орта мектебі» КММ) қашықтықтан оқыту кезінде өздері сабақ беретін 5, 6, 8, 10 сыныптарға арналған тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын қалай дайындауға және өткізуге болатындығын мысалдарымен көрсетті.

Онлайн семинар барысында мұғалімдер мен әдіскерлер қашықтық форматтағы ТЖБ дайындау және өткізу бойынша ұсыныстар алды.

Аталған семинар материалдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне және облыстық білім беру ұйымдарына жіберілді, сондай-ақ ШҚО ББ ресми сайтының «Қашықтықтан оқыту» бөлімінде орналастырылды.