
2020 жылғы 18 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Физика» пәні бойынша қашықтан оқыту кезінде тоқсандық жиынтық бағалауды дайындау және оны өткізу» онлайн-әдістемелік семинарын өткізді.
Әдістемелік семинардың мақсаты: облыс мектептерінің физика пәні мұғалімдеріне, физика-жаратылыстану бағытындағы пәндерге басшылық жасайтын аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне 2019-2020 оқу жылының ІҮ тоқсанында қашықтан оқыту жағдайында тоқсандық жиынтық бағалауды дайындау және оны өткізу бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Аталған іс-шараға аудандық/қалалық білім бөлімдерінің физика-жаратылыстану бағытындағы пәндерге басшылық жасайтын әдіскерлері және жалпы білім беретін орта мектептердің физика пәні мұғалімдері, барлығы 80 адам қатысты.
Онлайн семинар модераторы ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны және білім сапасының мониторингі кабинетінің әдіскері А.Х.Желпакова Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 135 және 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 168 бұйрықтарымен бекітілген қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларға сараланған көзқарастың қажеттілігін атай келе, тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуге арналған әдістемелік ұсыныстармен таныстырды.
Семинар барысында облыс мұғалімдері «Физика» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалауды даярлау және өткізудегі тәжірибелерімен бөлісті. Олар: Полежаева Алла Валерьевна, (Семей қаласы «Н. Г.Чернышевский атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ), Бимбетова Алуа Нурлыбековна, (Семей қаласы «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» КММ), өздері сабақ беретін 8, 10 сыныптарға арналған тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын қалай дайындауға және өткізуге болатындығын тапсырма үлгілері арқылы көрсетті.
Онлайн семинар барысында мұғалімдер мен әдіскерлер қашықтық форматтағы ТЖБ дайындау және өткізу бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар мен ұсыныстар алды.
Аталған семинар материалдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне және облыстық білім беру ұйымдарына жіберілді, сондай-ақ ШҚО ББ білімдік порталына орналастырылды.