
Бүгін, ағымдағы жылдың 24 қазанында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы инженерлік саласы бойынша кәсіби шеберліктің ІІІ республикалық конкурсының 1 кезеңі өз жалғасын тапты.
2-модульдің конкурстық тапсырмасының форматы нақты уақыт режимінде білім беру онлайн платформасында «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы», «Материалтану», «Стандарттау және метрология негіздері» пәндерінен автоматтандырылған тестілеуден өтуді қарастырды.
1 кезеңнің екі модулінің тапсырмаларын орындау қорытындысы бойынша конкурстың 2-ші кезеңіне 17 қатысушы өтті.
Конкурстың 2-кезеңі 2023 жылғы 2-3 қараша аралығында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында офлайн форматта өтеді.