Күзгі каникулдық мектеп - 2023 баспасөз анонсы

Күзгі каникулдық мектеп - 2023 баспасөз анонсы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 30 қазаннан         5 қараша аралығында  онлайн және оффлайн форматтарда 2000-нан астам қатысушыны қамти отырып, педагогтердің күзгі каникулдық мектебін өткізеді.

Мақсаты - педагогтердің білімін  үздіксіз кәсіби дамыту, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, біліктілігін арттыру.

Каникулдық мектеп жұмысының бағдарламасында:

  • «Үздік ауыл педагогы» облыстық конкурсы;
  • Басқарушы кадрлардың резервін даярлаудың 1-ші сессиясы;
  • «Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің рөлі» тақырыбында инклюзивті білім беру мұғалімдеріне арналған облыстық семинар;
  • «Заманауи мұғалімнің экологиялық, тәрбиелік және өлкетану ісіндегі жаратылыстану қызметін жаңарту» тақырыбында әдіскерлерге арналған (аудан/қала) аймақтық семинар;
  • «Сыныптан тыс жұмыстарды дайындау және өткізу технологиялары» тақырыбында әдіскерлерге арналған аймақтық семинар (аудан/қала);
  • «Демалыстағы оқу мектебі» жобасы;
  • форсайт – семинар «Білгеніңмен бөліс»;
  • Оқулық авторларымен кездесу;
  • «Деңгейлік тапсырмалар негізінде химия, биология және география пәндері бойынша қорытынды аттестацияға дайындалу мүмкіндіктері» шеберлік сыныбы;
  • ауыл мұғалімдеріне ағылшын тілінде С1, В2 жоғары деңгейлі жас мұғалімдерге арналған семинар;
  • Ынтымақтастық - мемлекеттік академиясы, «НЗМ ПШО» ДББҰ, «Өрлеу» БАҰО АҚФ ШҚО бойынша  КДИ, №3 мектеп-лицей, «Алтын Тұғыр» 2023 атты республикалық олимпиаданың жүлдегерлері.

Спикерлер - «Үздік педагог - 2021»  атағының иегері, оқулық авторлары, тәжірибелі педагогтер.

Мақсатты аудитория - әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының басшылары, директордың оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектепке дейінгі, бастауыш, орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, психологтар, мектеп кітапханашылары, тәлімгерлер.

 Жұмыс түрлері - аймақаралық оқу, семинар-практикумдар, оффлайн форматындағы педагогикалық шеберхана, шебер сыныптар, онлайн-семинарлар, әдістемелік алаңдар, облыстық конкурс комиссиясының отырыстары.

Құрметті ұстаздар! Күзгі каникул мектебінің іс-шараларына белсенді қатысуға шақырамыз!