
2023 жылғы 23 қазанда Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы инженерлік саласы бойынша кәсіби шеберліктің ІІІ республикалық конкурсының 1 кезеңі басталды.
Конкурсқа 10 облыстан барлығы 30 өтінім келіп түсті.
Бүгін конкурстың 1-модуль тапсырмасына сәйкес қатысушылар графикалық редакторда сызба құрды. Ертең, 24 қазан күні, конкурстың 1-кезеңінің 2-модулі бойынша қатысушылар тестілеуден өтеді.
Конкурстың І кезеңі 2023 жылдың 24 қазанында аяқталады.