
21 қазан күні Өскемен қаласының Оқушылар шығармашылық сарайында «Жанұя» жобасының аясында «Best family» атты отбасылық квест өтті. Аталмыш квестке сарайдың Әдістемелік Бірлестіктерінен бірнеше отбасыдан құралған 5 топ қатысты.
Квест барысында топтар үлен ынтамен қызыққа толы 5 белесті бағындырды. Бағдарлама бойы ата-аналар мен балалар ауызбіршіліктері мен топта жұмыс істей алатындарын көрсетті. Іс-шара соңында әр жанұя осынау көңілді әрі қызықты бағдарламадан естелік ретінде арнайы мадақтамалармен марапатталды.