Мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызметкерлерінің тәжірибе алмасу семинар-практикумы

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызметкерлерінің  тәжірибе алмасу семинар-практикумы

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы жылдық жоспарға сәйкес 2023 жылдың 18 қазанында ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің  «Күршім ауылының балабақшасы» КМҚК базасында «Мектепке дейінгі мекемелерде пәндік-кеңістік, дамытушы ортаны ұйымдастырудағы заманауи тәсілдер» тақырыбында облыстың мектепке дейінгі мекемелер, шағын орталықтар тәрбиешілеріне арналған тәжірибе алмасу семинар-практикумын өткізді.

Мақсаты: балабақша педагогтерінің мектепке дейінгі білім беру стандартына сәйкес топтарда заттық дамытушы орта құруға негіз болатын тәжірибелерін тиянақтау.   

Семинар-практикумды балабақша бүлдіршіндері «Біз - бақытты елдің ұрпағымыз!» атты музыкалық сәлемдерімен ашып, ШҚО ББ «Örken» өңірлік орталығының әдіскері Қырықбаева Айгуль Қадылбековна семинар тақырыбында баяндама жасады.

Семинар-практикум барысында «Ұлттық қолөнер ой өсіреді» тақырыбында балабақша психологы Курмангалиева А.К. мен тәрбиеші Калигожина А.Б. шебер-сынып көрсетті. «Ұлттық бұрыш. Дамытушы ортаны жабдықтаудағы лайфхактар» тақырыбымен балабақша әдіскері Адылбекова А.А. және тәрбиеші Мұратова Қ.Б. тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға қатысушылар балабақша ішіне экскурсия жасап, педагогтердің әдістемелік тақырыптық көрмесін тамашалап, топтардағы балалардың белсенді қызмет орталықтарымен таныса отыра, кіріктіріліп ұйымдастырылған іс-әрекеттеріне бақылау жасады. «Балдырған» ересек тобында қатысушыларға заттық дамытушы ортаны құру бойынша тапсырмалар беріліп, практикалық жұмыстар жүргізілді.

Шара барысында балабақша меңгерушісі Н.К.Құдабаева «Өткеннен – өнеге, бүгінге – бағдар, болашаққа - сабақ» айдарымен балабақшаның 20 жылдығына шолу жасап, арнайы шақырылған балабақшаның бірқатар ардагерлері өсиет сөздерін, ата-аналар ыстық ықыластарын білдіріп, музыка жетекшісі О.Р.Бұлжанов өзінің шығармашылығынан шашу шашты.

Семинар-практикум соңында қатысушылар кері байланысқа шығып, ой бөлісіп, пікір алмасылып, ұсыныстар қабылдап, балабақша ұжымына  шығармашылық табыс тіледі.

Семинарға Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйымдарының 50 педагогтері қатысты.

Семинар модераторы: ШҚО ББ «Örken» өңірлік орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру кабинетінің әдіскері Қырықбаева Айгүл Қадылбековна.