Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы (бұдан әрі-Орталық) 2022-2026 жылдарға арналған Стратегиялық және жұмыс жоспарларына сәйкес республикалық «Үздік дене шынықтыру педагогі-2023» байқауын (бұдан әрі - Байқау) 2023-2024 оқу жылында өткізеді.
Конкурстың мақсаты: педагогтің мәртебесін арттыру және білімді шығармашыл педагогтерді ынталандыру, кәсіби қызметте биік жетістіктерге жеткен, білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату.
2023 жылғы 24 қазанында ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ белгіленген номинациялар бойынша: «Шығармашыл ұстаз», «Дене шынықтырудан заманауи сабағы», «Үздік спорттық - бұқаралық іс - шара» конкурстың облыстық кезеңін өткізеді.
Конкурсқа орта білім беру және қосымша білім беру ұйымдары қатысады. Конкурстың облыстық кезеңінің қортындысы бойынша қатысушылардың материалдары «Үздік дене шынықтыру педагогі-2023» конкурсының республикалық кезеңіне қатысу үшін Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК орталығына жолданатын болады. Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары I. II. III дипломдарымен марапатталады.