Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындары студенттерінің арасында қашықтықтан өткізілген мемлекетаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі  оқу орындары студенттерінің арасында қашықтықтан өткізілген мемлекетаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

«ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес «Көлік колледжі» КМҚК базасында ағымдағы жылдың 15 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» атты студенттердің қашықтықтан оқу-зерттеушілік және жобалау жұмыстарының мемлекетаралық ғылыми-практикалық  конференциясын өткізді.

Конференцияға оқытушы жетекшілігімен оқу-зерттеушілік жұмыстарын жүргізетін колледж студенттері қатысып, барлығы 62 баяндама тыңдалды.

Конференцияның  мақсаты - шығармашыл және дарынды жастардың  ізденушілік, оқу-танымдық  және зерттеушілік қызметін дамыту, зерттеу жұмыстарындағы ақпарат, тәжірибе, жетістіктермен алмасу, ТжКББ жүйесіндегі студенттердің патриоттық тәрбиесіне үлес қосу.

Конференция жұмысы келесі бағыттарда жүргізілді:

1-секция. «Жеңіс жолында»

2-секция. «Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі техника»

3-секция. «Мен майданда болған жоқпын, бірақ білемін....»

4-секция. «Соғыс құрбандары естелігіне лайық болайық!»

  Конференцияға Семей қаласының «Көлік колледжі» КМҚК, «Геологиялық  барлау колледжі» КМҚК,  «Индустрия-технологиялық колледжі» КММ,   «Электротехникалық колледж» КМҚК, «Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі» КМҚК, «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК, «Innovative college» мекемесі, «Радиотехника және байланыс колледжі» КМҚК, «Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледж» мекемесі, «Құрылыс колледжі» КМҚК, «М. Төлебаев атындағы музыка училищесі» КМҚК, «Бесқарағай колледжі» КММ, «Зайсан технологиялық колледжі» КММ, «Қатонқарағай аграрлық-техникалық колледжі» КММ, «Ридер аграрлық-техникалық колледжі» КММ, «Тарбағатай аграрлық-техникалық колледжі» КММ, «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенттері. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Бийск қаласындағы «Экономикалық және өнеркәсіптік Алтай колледжі» студенттері қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар мен олардың жетекшілері ШҚО кәсіптік білім беру орталығының сертификаттарымен марапатталып, конференция жұмысының нәтижесі бойынша баяндамалардың электронды жинағы жарияланды.