
Слёт балабақша басшылары мен педагогтерінің қызметіне қолдау көрсетуге; кәсіби ынтымақтастық, достық қарым-қатынас орнатуға; педагогикалық қызметтің беделін кеңейтуге бағытталды.
Ұлан ауданының балабақша бүлдіршіндері «Біз бақытты балдырған» атты музыкалық сәлемдерімен ән-шашу жолдап, ШҚО ББ басшысы И.А.Чернышёва слётті құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларына сәттілік тіледі. Арнайы шақырылған облыстың мектепке дейінгі тәрбие саласының ардагерлеріне сіңірген еңбектері, қоғам алдындағы өлшеусіз еңбектері және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істері үшін Алғыс хаттар табысталып, сый-құрмет көрсетілді.
Слётті әрбір аудан-қалалардан келген командалар өздерін таныстырумен жалғастырып, «Тәрбие тал бесіктен басталады» тақырыбындағы үй тапсырмаларын қорғады.
Тьюториал-белсенді топтық оқыту алаңдарында «Балабақшада оңтайлы білім беру ортасын құру туралы» ШҚО ББ «Өскемен қаласы білім бөлімінің №1«Балапан» балабақша-бөбекжайы» КҚМК әдіскері С.С.Жапарова; «Мектепке дейінгі білім: тәжірибе, мәселелер, даму перспективалары» тақырыбында ШҚО ББ «Örken» өңірлік орталығының әдіскері А.Қ.Қырықбаева кеңінен тоқтап, пікір алмасылды.
Слёттің «Шеберлік сырлары» бөлімінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының аға оқытушысы Г.О. Берекполова «Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің кәсіби рефлексиясын дамыту әдістері», ШҚО ББ «Өскемен қаласы білім бөлімінің №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» КҚМК директоры С.Б. Капезова «Мектепке дейінгі мекемені басқарудағы қаржылық сауаттылық» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті.
Слёттің келесі бөлімі қызықты, практикалық баяндама - тед-дәрісті ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ директоры Н.В.Ахаева «Жетістікке жету жолым. Менің тәжірибемнің қыр-сырлары» тақырыбында баяндап берді.
«Зияткерлік демалыс - ойындары арқылы дамимыз» бөлімінде ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» КМҚК музыка жетекшісі Кашей Ж. музыкалық үзіліс жасатып, ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің нашар көретін балаларға арналған №14 мектеп-балабақша кешені» КММ хореографы Измоденова Т.Б. «Бәріміз билейміз!» флеш-мобын ұсынды.
Слёттің қорытындысы шығарылып, тәуелсіз сарапшылар марапаттау рәсімін жүргізіп, үздіктерді анықтады:
Бас жүлде – Ұлан ауданының командасы;
1-орын – Тарбағатай ауданының командасы;
2-орын – Катонқарағай, Глубокое аудандарының командалары;
3-орын – Күршім, Өскемен, Зайсан аудандарының командаларына
беріліп, слет шараларына белсенді қатысқан педагогтер мен командалар Алғыс хаттармен және номинациялармен марапатталды. Слётке қатысушылармен кері байланыс орнатылып, пікірлері тыңдалды.
Слёт жұмысын ШҚО ББ «Örken» өңірлік орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру әдістемелік бөлімінің әдіскері Қырықбаева А.Қ. қорытындылап, барлық қатысушылардың жоғары дәрежедегі дайындықтарымен келгендерін атап өтіп, еңбектеріне табыс тіледі.
Шараға Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі мекемелерінің 115 педагогтері қатысты.