
2020 жылғы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Математика» пәні бойынша қашықтықтан оқыту кезінде тоқсандық жиынтық бағалауды дайындау және оны өткізу» онлайн-әдістемелік семинар өткізді.
Әдістемелік семинардың мақсаты: облыс мектептерінің математика пәні мұғалімдеріне, математика-жаратылыстану бағытындағы пәндерге басшылық жасайтын аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне 2019-2020 оқу жылының ІҮ тоқсанында қашықтықтан оқыту жағдайында тоқсандық жиынтық бағалауды дайындау және оны өткізу бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Аталған іс-шараға аудандық/қалалық білім бөлімдерінің математика-жаратылыстану бағытындағы пәндерге басшылық жасайтын әдіскерлері және жалпы білім беретін орта мектептердің математика пәні мұғалімдері қатысты. Барлығы 100 адам.
Онлайн семинар модераторы ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны және білім сапасының мониторингі кабинетінің меңгерушісі Г.З. Абетаева Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 135 және 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 168 бұйрықтарымен бекітілген қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларға сараланған көзқарастың қажеттілігін атай келе, тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуге арналған әдістемелік ұсыныстармен таныстырды,
Семинар барысында облыс мұғалімдері «Математика» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалауды даярлау және өткізудегі тәжірибелерімен бөлісті. Олар: Солтанаева Ардақ Сабырханқызы, Семей қаласы «№ 37 гимназия» КММ, Гертель Татьяна Павловна, Өскемен қаласы «№ 11 орта мектеп» КММ, Сыдыковна Асықова, Семей қаласы «№ 17 орта мектеп» КММ өздері сабақ беретін 5, 7, 10 сыныптарға арналған тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын қалай дайындауға және өткізуге болатындығын мысалдарымен көрсетті.
Онлайн семинар барысында мұғалімдер мен әдіскерлер қашықтық форматтағы оқу жылының аяқталуы бойынша ТЖБ дайындау және өткізу бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар мен ұсыныстар алды.
Аталған семинар материалдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне және облыстық білім беру ұйымдарына жіберілді.