
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» ӨО 2020 жылғы 15 мамырында «Қашықтықтан оқыту жағдайында жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сыныптарда ТЖБ ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері» атты онлайн режимінде әдістемелік алаң өткізді.
Әдістемелік алаңға облыс мектептерінің 100-ден астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – қашықтықтан оқыту жағдайында 2019-2020 оқу жылының төртінші тоқсанында ТЖБ ұйымдастыру және тапсырма құру бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Әдістемелік алаң барысында облыс мектептерінің тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдері: Өскемен қ., ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ - Ермакова Анастасия Геннадьевна; Өскемен қ., ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, «Үздік педагог-2019» республикалық байқауының жеңімпазы - Тинькова Светлана Юрьевналар қашықтықтан оқыту жағдайында тоқсандық жиынтық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу бойынша өз жұмыстарының тәжірибесімен бөлісті.
ШҚО ББ сайтындағы «Қашықтықтан оқыту» бөлімінде әдістемелік алаңның осы тақырыбы бойынша материалдармен таныса аласыздар.